Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай елді мекенінде бүгінде 20 мыңға жуық халық бар. Аталған елді мекенді сапалы инфрақұрылыммен қамту — басты міндеттердің бірі.
Осыған орай, қазіргі уақытта Құрсай елді мекенінде бірнеше нысанның құрылысы қарқын алған. Атап айқанда, Тұрбат, Шеңбертал, Таңбалы тас, Мәмешов тұйығы, Зайсан, Өскент көшелеріне асфальт салынды. Сонымен қатар, Сатқанбайұлы, Бекболатов, Құлантөбе, Құлантөбе өткелі, Әулиекөл, Егізтөбе көшелерінде құрылыс жалғасып жатыр.
Сонымен қатар, Агрофирма Құрсай елдімекені Сарытау соңы, Ақбастөбе көшелеріне жол салу құрылысы жүруде. Өткен жылы ауылдық су құбыры жүйелерін жаңартуға арналған 13 жобаға 2,4 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 551 шақырым ауылдық су құбырлары қайта құрылып, 4 485 бірлік су өлшегіш құралдары қойылған. Сондай-ақ, баламасыз және оқшау су жүйелерін құруға 2,3 млрд теңге субсидия бөлініп, 300 мыңнан астам халық тұратын 159 ауылдық елді мекенге жеңілдетілген тарифпен ауыз су берілді. Жаңақорған ауданындағы Талап және Сырдария топтық сутартқышы, Шиелі ауданындағы Жиделі топтық сутартқышының құрылысы, елді мекендерді жерасты суына көшіру жобалары жалғасын тапты. Нәтижесінде, Жиделі топтық сутартқышына Шиелі ауданының Алғабас және Бидайкөл ауылдары қосылды.
2023 жылдың соңына дейін Құрсай елдімекені бойынша 40 көшеге 16,4 шақырым шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінде дейін 32 көшеге 15,2 шақырым шағал тас төсеу жұмысы аяқталды.
Көшелерді жарықтандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Бүгінгі күнге дейін Аққыстау және Қармақшы көшелері жарықтандырылса, Таңатар көшесін де жарықтандыру жоспарланған.
Сондай-ақ, ауыз су мәселесі жыл соңына дейін шешімін табатын болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі