0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚЫРКҮЙЕКТІҢ СОҢҒЫ ЖЕКСЕНБІСІ – «ЕҢБЕК КҮНІ» БОЛЫП БЕКІТІЛДІ

2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды» екендігін алға тартты.
Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды»,- деген.
Осы аталған басымдықты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1004 қаулысымен «Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітіліп, қоғамымыздың барлық салалаларында тиісті іс-шаралар атқарылып жатыр.
Аталған іс-шаралар жоспары аясында, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» № 689 қаулысымен қыркүйектің соңғы жексенбісі – «Еңбек күні» болып бекітілді.
Осыған орай Министрлік тарапынан 2023 жылғы 28 тамызда «Еңбек күнін» мерекелеу бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс атқарылуда.

Ұқсас ақпараттар

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫН БОЙЫНША ЖОБАНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

smarttop

ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІ ӘКІМ НАЗАРЫНДА

smarttop

Полицейлер 3 жасар бүлдіршінді тапты

smarttop

Пікір қалдыру