Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Әл-Фараби көшесі №21 үйдегі күрделі жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталып, мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын 10 күннің ішінде толық бітіруді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта шатыры толық ауыстырылып, қасбет жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы жөндеу жұмыстарына 12 адам жұмылдырылған. Тұрғындардың өтініші бойынша мердігер компания кіреберісті де реттеп бермек. Көпқабатты үйлер — бұл қабаттарының саны 2-3-тен асатын тұрғын үйлер. Мұндай нысанды салу үшін іргетастың, жүк көтергіш құрылымдардың нақты есебі қажет болады, өйткені дәл осы компоненттер бүкіл жүктемені көтереді. Сонымен қатар, ғимарат қоршаған ландшафтқа жақсы сәйкес келуі керек. Көпқабатты үйлердің құрылысы бірқатар талаптарды сақтай отырып жұмыстарды орындауды көздейді. Сонымен қатар, оны мүмкіндігінше кәсіби және сауатты түрде жүргізу керек. Көпқабатты үйлер өте күрделі құрылымға ие және олардың құрылысындағы басты міндет – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Үй комитетінің төрайымы Шарапат Жүсіпбекова зейнеткер 3 жылдан бері үй комиттетінің төрайымы қызметін атқарып жүр. Осы үйде 9 жылдан бері тұрады.
– «Күрделі жөндеу жүргізуге тұрғындармен бірлесе 2021 жылдан әрекет жасадық. Бұл үйдің жөндеу көрмегеніне 51 жыл болған екен. «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне барып өтініш жаздық. Сонымен, биыл модернизацияға іліндік. Мердігер компания жұмысы тұрғындардың көңілінен шығып отыр. Біздің ұсыныстарымызды ескеріп, жұмысты сапалы атқаруда. Кіреберісімізді де ақысыз істеп бермек. Жалпы жергілікті бюджет бағдарламасы болғаннан кейін қайтарымды несие қаражатының пайызы жоқ. Осы жағы да бізге қолайлы болып отыр, – дейді 40 жыл ұстаз болған зейнеткер.
Көпқабатты тұрғын үйдің шатыры және артқы фасады ретке келтіріліп қойған. Енді он күннен кейін тұрғын үй жаңа кейіпке енбек. Шаһарда тозығы жеткен үйлерді жаңғырту жұмыстары осылайша кезең-кезеңімен атқарылуда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі