9.3 C
Шымкент
Четверг, 23 октября, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ “ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КҮНІНЕ” ОРАЙ АҚПАРАТТЫҚ ТУР ӨТУДЕ

Бүгін Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров баспасөз мәслихатын өткізді. Халықаралық туризм күні — дүниежүзілік туристер ұйымының бас ассамблеясының 3-ші мәжілісінде, 1979 ж. Манилада қаралып бекітілген. 1980 ж. 27 қыркүйегінен бастап жыл сайын аталып өтілуде. Туризмнің мәдениет саласын дамытудағы үлкен жетістігіне, әлем халықтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған жұмыстарды насихаттау мақсатында аталып өтуде.
Ерлан Ермекұлы БАҚ өкілдеріне Халықаралық туризм күніне орай өтіп жатқан ақпараттық тур жайлы айтып, жергілікті туристік бизнес өкілдерін айтулы күнмен құттықтап өтті.
“Бүгін — Халықаралық туризм күні. Сол себепті, ақпараттық турымызды да осы күнге жоспарладық. Шет елдерден және Қазақстан қалаларынан жалпы саны 60-қа жуық қатысушы келген. Олардың қатарында туроператорлар, фотограф-видеографтар, travel-блогерлер мен журналистер бар. Біз бұл іс-шара арқылы Шымкентіміздің тарихын, мәдениеті мен туристік орындарын жан-жақты көрсетеміз. Қызығып, арнайы келіп жатқан туристерге алғыс білдіремін”, — деді Е. Қыдыров.
Айта кетерлігі, “Visit Shymkent” тарапынан ұйымдастырылған ақпараттық тур 3 күнге созылған. Шымкент пен қалаға жақын орналасқан туристік орындармен, мәдениеті және гастрономиясымен танысуға келген туроператорлар мен travel-блогерлер Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Ресей, Өзбекстан мен Түркиядан келген. Сонымен қатар, туристік-ақпараттық орталықтардың өкілдері де төбе көрсетуде.
Жалпы, тур аясында Цитадель, “Бәйдібек би” ескерткіші, А. Асқаров атындағы дендросаябақ, Зообақ, қолөнер орталықтары, “Бозжыра” ұлттық тағамдар рестораны және өзге де қаланың, қалаға жақын орналасқан туристік орындардың тарихымен танысу жоспарланған.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫН БЕКІТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЖӘРМЕҢКЕДЕ 1 400-ДЕН АСА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ ГАЗЫ: КАКИЕ ИСТОЧНИКИ ЭНЕРГИИ ВЫЗЫВАЮТ БОЛЬШЕ ВСЕГО ВЫБРОСОВ CO₂?

smarttop

Пікір қалдыру