0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

200-ГЕ ЖУЫҚ САУДА ОРЫНДАРЫ БАҒАНЫҢ ТҰРАҚТАНУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ОТЫР

🔷 Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, бюджеттен 8,7 млрд.теңге бөлініп, 200-ге жуық сауда орындарында бірінші қажетті азық-түлік тауарлары нарықта төмен бағада сатылып келеді.
Айта кетейік, «азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» қала әкімінің қаулысы қабылданып, азық-түлік сататын кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру механизмі жүргізілген болатын.

🔷 «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан қарыз алушы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Атап айтқанда, олар «Магнум» сауда желісінің саны – 31, «Грамад» сауда желісіның саны – 24, ет өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтарының нүктесі – 10, ірі базар аумақтарында орналасқан көкөніс өнімдерін сататын жылжымалы сауда нүктесі – 6, халықтың тығыз орналасқан аймақтарындағы үй маңындағы кіші дүкендер – 129.

Шараны алғаш рет 2002 жылы ҚР Сауда кәсіпорындары қауымдастығы ұйымдастырған және сауда кәсіпорындары үшін жоғары баға болып саналады. Оның  мақсаты – сауда кәсіпорындарының табысты тәжірибелерін анықтау және тарату, жағымды имиджін қалыптастыру, сауда қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері мен беделін арттыру, сауда саласында көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру. Сонымен  бірге, өз жұмысы барысында инновациялық тәсілдерді қолданатын ұйымдарды анықтау.

Байқауға республика аумағында қызмет етіп келе жатқан, түрлі мақсаттағы және меншіктегі сауда орындары қатысты.

Сонымен бірге, өткізілген байқау аясында ОҚО Кәсіпкерлер палатасы алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасары Нұржан Әлтаевтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел тақырыбы агробизнес саласы, оның ішінде отандық ауылшаруашылық өткізу нарықтарына қол жеткізу және фермерлердің бірігу қажеттілігі мәселелеріне арналды. Сатып алудың, қайта өңдеу және ауылшаруашылық өнімдерін өткізудің  біріктірілген жүйесін құру және дамыту қажет екені де айтылды.

🔷 Қазіргі уақатты қала бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, баға тұрақты бақылауда.
Апта сайын жергілікті тауар өндірушілерімен шаруа қожалықтарының және көтерме сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда, жыл басынан бері 300 жәрмеңке өткізілді.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Жайылымдық жерден мал ұрлаған күдікті үшеу қамауға алынды

smarttop

КӘСІПКЕРЛЕР ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ҚЫМБАТТАУЫНА НАРАЗЫ

smarttop

«КҮТЕМ СЕНІ» — ОТБАСЫНЫҢ ҚАДІРІН ҰҒЫНДЫРҒАН ҚОЙЫЛЫМ

smarttop

Пікір қалдыру