9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

🔷Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Қоғам қайраткерлерінен құралған 20 шақты зиялы қауым өкілі қатысқан жиында мегаполистің дамуына, рухани, мәдени өміріне қатысты ұсыныстар талқыланды.

🔷 Қалада бүгінде 87 мыңнан астам қария тұрады. Олардың 3 соғыс, 2 мыңнан астамы – тыл ардагері. Бүгінде мегаполистің егде тұрғындарына мемлекет тарапынан барлық қолдаулар көрсетілуде. Бір жылда 50 мыңнан астам қария 10 күндік санаторлық – курортты емдеу шараларымен қамтылады. Сондай-ақ ардагерлер “Дәнекер” жобасы аясында қоғамды ізгілендіруге де үлес қосуда. Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен қариялар еліміздің көрікті орындарына саяхаттайды. Екі жарым мыңнан астам ардагерге мерзімді басылымдар тегін жеткізілуде.

Мемлекет басшысы жер мен оның қойнауындағы байлық халыққа тиесілі екенін атап өтті. 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық түсімінің 50 пайызы балалардың жеке шотына аударылып отыратын болды. Болашақта осы қаржыны 18-ге толған әрбір жас сапалы білім мен баспана алуға жұмсайды. Бұл өркениетке бет алған ел үшін өте дұрыс шешім. Әлемдік тәжірибеде 5 жыл жұмыс істеген компанияға ел сеніммен қарайды екен. Ал, мемлекеттік басқаруда Ұлттық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыруға 7 жыл қажет екенін сарапшылар айтуда. Елімізде Президент тек 1 рет 7 жылға сайлануы да халықтың әл-ауқатын көтеріп, экономиканы дамытуға жеткілікті деп ойлаймын, — деді Ә.Рахманұлы.

🔷 «Сіздер өскелең ұрпаққа үлгі өнегесіздер. Осыған дейін де қаланы дамытуда белсенді жұмыс істеп келдіңіздер. Бұл бағытта мен сіздерді қашан да қолдауға дайынмын. Кез-келген маңызды мәселеде өздеріңізбен ақылдасып, кеңесіп отырамыз. Алда жоспарлар көп. Ол үшін қаланың тыныс-тіршілігімен, даму бағытымен етене танысып алу қажет. Ең алдымен жұмысқа кіріспес бұрын өздеріңіздің баталарыңызды алып, кеңесіп алу ниетім болды. Қаланы дамытуда өздеріңізбен бірлесіп, адал, таза жұмыс істеуге дайынбыз», — деді қала әкімі.

🔷 Кездесу соңында қала басшысы зиялы қауым өкілдеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта өзекті мәселелерді қарастыруда, қаланың дамытуда ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, мол тәжірибелерімен бөлісуде белсенділік танытуға шақырды.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТІСІ АУЫРҒАНДАРДЫ ТҮНДЕ ДЕ ЕМДЕЙДІ

smarttop

МЕКТЕБІ МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗІ ДЕ МЫҚТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 23 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру