🔷 Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жобасы басталғалы бері қалада 300-ден астам азаматтан өтініш түскен. Бүгінгі таңға 164 тұрғын оң қорытындысын алған. Оның ішінде 129 азаматқа шағын несие беріліп, бүгінде басым көпшілігі кәсіптерін бастап кетті.
🔷 Жас кәсіпкерлердің бизнес-жоспарлары бүгін кезекті комиссия отырысында қаралды. Жиында 40 үміткердің бизнес-жобалары талқыланды. Жастардың басым көпшілігі ауыр жүк көлік тасымалы, ірі қара мал шаруашылығы, сауда-саттық дүкендерін ашу идеяларын ұсынуда.
🔷 Мемлекетік қолдау 21- 35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобаларына – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлеріне – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қабылданады. Кепілге қоятын мүлік болмаса, кепіл берушіні тартуға болады.
🔷 Жаңа шарттарға сәйкес, кепілді мүлік түрлерінің тізбесі де кеңейтілді. Қосымша екінші деңгейлі банк шоттарындағы қаражаты, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік, жеке меншік құқығындағы /бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар және бау-бақша өсіруге арналған жер телімдері, мамандандырылған техникалар қабылданады.
🔷 Туындаған сұрақтар бойынша https://www.agrocredit.kz сайты арқылы ақпарат алуға болады.
Құжаттар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалында қабылданады.
Мекен-жайы: Қонаев даңғылы, 3/3
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі