16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ КЕРАМОГРАНИТ ЗАУЫТЫ САЛЫНУДА

🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков керамогранит зауытын салып жатқан шетелдік инвесторлармен кездесті. Инвестициялық жоба Орта Азия елдерін сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге бағытталған. «Жұлдыз» индустриалды аймағындағы 32 гектар аумақта салынып жатқан кәсіпорын ғимаратының құрылысы 30 % аяқталған. Қазірде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп отыр.

🔷 «Wan Sheng Ceramic» ЖШС компаниясының құрылтайшылары қала басшысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу, электр және сумен жабдықтауға қатысты өзекті мәселелерді жеткізді.

🔷 «Үкімет тарапынан инвесторларға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар жүктелген. Сондықтан да сіздерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Туындаған проблемаларды заң шеңберінде шұғыл шешуді тапсырамын. Зауыт іске қосылғанда барынша жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтылуы тиіс» – деді қала әкімі.

Қаладағы тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуына байланысты нарықта сантехникалық бұйымдарға деген сұраныс өте жоғары. Осы мақсатта миллион тұрғыны бар мегаполисте алдағы уақытта сахтехникалық құралдар мен бұйымдар өндіретін зауыт қосу жобасы жүзеге асырылмақ.
Зауыт «Жұлдыз» индустриалдық аймағындағы 4 гектар жерде орналасқан.

🔷 Аталған аймақтағы нысан тиісті инфрақұрылыммен қамтылатын болады. Сондай-ақ, зауыт жылына 40 мың дана жуыну ваннасын және 40 мың қол жуғыш құралдарын шығаруға қауқарлы. Зауыт іске қосылған жағдайда 30 адам жұмысқа тартылмақ.

✔️ Қуаттылығы жылына шамамен 800 мың м2 шыны конструкциясын құрайтын кәсіпорынға «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді.
✔️ Зауытта заманауи еуропалық жабдықтар орнатылған, ал шикізат Қызылорда облысынан (Orda Glass Ltd) жеткізіледі.
✔️ Жаңа кәсіпорынның өнімі ішкі нарыққа шығарылып қана қоймай, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне де экспортталады деп күтілуде.
📌 Әлихан Смайылов өз сөзінде елімізде бәсекеге қабілетті өндірістердің саны жыл сайын ұлғайып келе жатқанын атап өтті.
«Мемлекет оларға жан-жақты қолдау көрсетеді, соның арқасында жаңа жұмыс орындары құрылып, азаматтарымыздың әл-ауқаты артып келеді», — деді ол.
✔️ Жаңа зауыттың жалпы инвестициялық құны – 5,8 млрд теңге. Оны іске қосудың нәтижесінде 260-тан астам адам жұмыспен қамтылады.

🔷 Жобаға сәйкес зауыт қуаттылығына сай бірінші және екінші сатысында жылына 12 770 мың шаршы метр керамогранит өндіреді. Аталған екі кезеңінде 700 адамды жұмыспен қамтиды. Жобаның алғашқы кезеңі келесі жылы, екіншісі 2025 жылы жүзеге асырылады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ПРЕЗИДЕНТ: КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІС САЛДАРЫН АЗАЙТУҒА ҰМТЫЛУ- ҒЫЛЫМ АЛДЫНДА ТҰРҒАН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

smarttop

«ШЫМҚАЛА» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ КӨНЕ ШАҺАРДЫҢ ТУРИЗМ ТЫНЫСЫН АШТЫ

smarttop

А2 АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ 2-КЕЗЕҢІ 15 ШІЛДЕДЕ АЯҚТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру