16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЖЕР АСТЫ ӨТКЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков “Алаш”, “Бекжан” базарлары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысымен танысты.

🔷 Темірлан тас жолы және А-2 автожолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің техникалық-экономикалық көрсеткішіне тоқталсақ, тоннель ұзындығы 46,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метр. Бүгінде құрылыс жұмыстарының орындалуы 80 пайызды құрап отыр. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Яғни арнайы топпен атқарылған шара барысында 7 күн ішінде 4 факт анықталды. Мәселен Жетісай ауданында ауыр техникалармен жер қазып жатқан, Келес ауданы аумағында Келес өзенінен «HOWO» маркалы эксковатор тракторымен ауыр жүк көлігіне тас (шағал) артқан, Арыс қаласынан «HOWO» көлігімен заңсыз құм тасымалдаған, ал «Шымкент-Яллама» тас жолының бойында «HOWO» маркалы жүк көлігі тіркемесімен тас (шағал) жүк артып кетіп бара жатқан жерінен тұрғындар анықталып, ұсталды.

Былтыр Мангельдин көшесі мен Темірлан даңғылы қиылысында жерүсті өткелінің құрылысы басталған. Бүгінде нысанның іргетасы ғана құйылып, құрылысының тоқтап тұруының өзіндік себебі бар. А. Баймырзаев қазіргі уақытта әкімдік тарапынан қайта жобалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Мердігер компания – «Алаш Оңтүстік» ЖШС-і 20-шы мамырдан бастап, қайта жұмысты жалғастырмақ. Басты мақсат – құрылысты биыл аяқтау.

Келешекте «Самал» базары маңынан да жерүсті өткелін салу жоспарланып отыр.
Жерасты өткелдерінің қазіргі жай-күйімен танысу үшін «Колос», «Қырғы базар» маңындағы жер асты өткелін бақылап қайтқан едік.

Мұнда негізінен сауда қатарлары орналасқандықтан, тазалық жұмыстары ұдайы жүргізіледі.
– Қызметкерлер осы жерден нәпақасын тауып отырғандықтан таза ұстайды. Өтіп бара жатқандардың кейбірі қоқыс қалдырып кетеді. Бейнебақылау қойып еді. Тәртіп біршама түзелді. Өткелдің үстінде бейнебақылау бар. Ал ішінде жоқ, – дейді сатушы Мархабат Сүттібаева. Қала тұрғыны бізге тұрғындардың тазалық мәдениетіне назар аударып, тазалыққа қатысты үгіт-насихат жұмыстарын күшейту керектігін айтты.

Аталған төрт жайт бойынша тиісті құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін Экология департаментіне жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар әкімдіктің тиісті мамандарымен полицейлердің күн тәртібінен түспей, арнайы шаралар өз жалғасын табатынын еске саламыз.

🔷 “Бекжан” базары маңында А-2 автомобиль жолы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша тоннель ұзындығы — 24 метр, ені 4 метр, биіктігі 2,5 метр құрайды. Жұмыстар 45 пайыз орындалған, осы жылы халық игілігіне беріледі.

🔷 Қала әкімі жауаптыларға өткелдер құрылысын сапалы әрі өз мерзімінде атқару бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНІҢ «ДӘСТҮРЛІ ӘН МЕН ТЕРМЕ» ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ БАЙҚАУЫНА ШАҚЫРАДЫ!

smarttop

В СЛУЧАЕ НЕУДОВЛЕТВОРЕНИЯ РАБОТОЙ ПО ВЫВОЗУ МУСОРА ЖИТЕЛИ ВПРАВЕ РАСТОРГНУТЬ ДОГОВОР С КОМПАНИЕЙ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру