13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН КӨШЕСІНДЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ

🔷 Шымкентте биыл 3 өрт сөндіру допосының құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты.

🔷 Жобаға сәйкес, нысан 3 блоктан тұрады. Соңғы үлгідегі жабдықталған ғимаратта қызметкерлер кабинеттерінен бөлек мәжіліс залы, қоймалар, асхана, демалыс бөлмесі, мұрағат, оқу сыныбы орналасқан. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары 80 пайызға орындалған.

🔷 Қала әкімі жауаптыларға депо құрылысын тиісті талаптарға сай жүргізіп,ең алдымен сапаны бақылауды тапсырды.

-Тозығы жеткен ескі сәулет ғимараты қала тұрғындарына ұзақ жылдар қызмет еткенін білеміз. Аумағы 0,3319 га жерді алып жатқан сөндіру бөлімі мегаполистің орталық бөлігін қорғауға ыңғайлы. Сондықтан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде осы ерекшелікке басты назар аудардық. Материалдық-техникалық базаны заман талабына сай жабдықтауға қолдау танытамыз,-деді әкім.

Ғимаратта әкімшілік корпус (АБК), 4 автомобильге арналған депо, диспетчер кабинеті, демалыс бөлмесі, қарауыл кабинеті, асхана, себезгі бөлмесі, санитарлық тораптар, баспалдақтар, киім шешетін бөлме, жеңдік бөлім, директор кабинеті, директор орынбасарының кабинеті, мұрағат, бастық кабинеті, қабылдау бөлмесі, акт залы, қоймалар, ГТҚҚ (Газ-түтіннен қорғау қызметі) кабинеті, оқу сыныбы, кабинеттер, дәліздер қарастырылған.

Құрылысы осы жылдың маусым айында басталған нысан желтоқсанда пайдалануға берілуі жоспарланған.

🔷 Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. Айта кетейік қыркүйек айында Әкімшілік іскерлік орталығындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы қолданысқа берілді.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер суға түсу ережесін бұзған 32 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырды

smarttop

ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНДА КӨШ БАСТАҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНДА

smarttop

ШЫМКЕНТТІК БАЛУАН БРАЗИЛИЯДА ӨТІП ЖАТҚАН XXXIV-СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру