🔷 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесіп, аудан әкімі Досбол Есілбектің есебін тыңдады.
🔷 Ауданда 29 елдімекен, 283 көпқабатты үй бар. 228 830 халық тұрады. Өткен жылы аудан тұрғындары тарапынан 188 мәселе көтеріліп, оның 167-сі шешімін тапқан. Аудан жұртшылығы ауыз сумен 94,5 пайыз, электр жарығымен 97,3 пайыз, ал табиғи газбен 90,7 пайыз қамтылған.
🔷 Кездесуде қала әкімі: «Кезекті басқосуда сіздермен жүздесіп отырмыз. Мемлекет басшысының ұстанымы — бұқарамен тікелей байланыс орнату. Осы тұрғыда өздеріңізбен кездесіп, мақсатымыз мәселелеріңізді шешуге бағытталған. Яғни, халықтың қажеттілігін назардан тыс қалдырмаймыз. Сондықтан тұрғындардың мәселесімен танысуды шалғай өңірлерден бастаймыз», – деді.
🔷 Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішімен танысқан қала басшысы сұрақ-жауапқа кезек берді.
Қазіргі таңда аудан шекарасының өзгеруіне байланысты жарықтандырылған көше саны – 89-ды құрап отыр. Сондай-ақ, Еңбекші ауданы аумағындағы 2022 жылы 121 көшесі жарықтандырылған болатын. Ал биыл 28 көше жарықтандырылады деп күтілуде.
Жарықтандыру және сәулелендіру қондырғылары – бұл арнайы электр техникалық құрылғылар, үйжайларды, ғимараттарды, территорияларды, сондай-ақ, жануарларды, құстарды немесе ауылшаруашылық өнімдерін УК сәулелендіруге және ИҚ жылытуға арналған.Жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларының негізгі элементтері жарықтандырғыштар және сәулелендіргіштер болып табылады.Жарықтандырғыш – бұл жарықтандыру көзінен және арматурадан тұратын, жақынға эсер етуші жарықтандыру аспабы.Сәулелендіргіш – бұл УК- немесе ИҚ-сәуле көзінен және арматурадан тұратын, аспап.Жарықтандырғыштар мен сәулелендіргіштер арматурасы сәулелендіру ағынын таратуға, жарық көзін механикалық зақымдалудан қорғау, оны бекітуге, оған электр энергиясын әкелуге және сәлелендіру көзінің соқырлату әсерінен адамның көзін қорғау.
Арматура тұрқыдан, шағылыстырғыдан, шам ұстатқыштан (немесе потроннан) және бекіту бөлшегінен тұрады. Одан басқа, шашыратқыш немесе қорғау шынысы, ал газ-разрядтық шамдарымен тағы да жүргізу-реттеу аппараттары (ЖРА) болуы мүмкін. ЖРА құрамына индуктивтіліктің арнайы катушкасы немесе арнайы трансформатор, стартер (қосқыш), конденсатор және басқалар кіреді.
🔷 Тұрғындардың талап-тілегін мұқият тыңдаған қала әкімі жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеп, халықтың ұсыныстары мен өтініштері орындалуын тапсырды.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі