0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ ЖАБДЫҚТАЛАДЫ

🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Қазір вокзалдың жолаушы өткізу қабілеті тәулігіне 2 мың адамды құраса, қайта құрудан кейін 6 мың адамға дейін артады.

🔷 Бүгінде сол қанаттың төменгі қабаты мен қасбетін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін нысан сейсмикалық тұрғыдан күшейтіліп, жылыту, электр қуаты, өрт қауіпсіздігі, байланыс және бейнебақылау жүйелері орнатылды. Қазіргі таңда жоғары қабаттың дайындығы 70%-ға жеткен, әрлеу жұмыстары жалғасуда.

🔷 Жоба бойынша қасбетті монтаждау кезінде ұнтақ бояумен боялған және пеште кептірілетін мырышталған сапалы панельдер пайдаланылады. Құрылыс материалдары беріктігімен ерекшеленеді, ылғалға төзімді.

Қазіргі таңда теміржол вокзалы 2- қабатының құрылыс жұмыстары 80 пайызға, бірінші қабаты 30 пайызға орындалды.
Реконструкциялау жобасына сәйкес, теміржол вокзалының аумағы 2249,33 шаршы метрге ұлғаяды. Ғимараттың жолаушы өткізу қабілеті қазір тәулігіне 2 мың адамды құрайды. Қайта құрудан кейін вокзал тәулігіне 6 мың адамға дейін қамти алады. Сондай-ақ жобада ғимараттың екінші кіреберісі, жолаушыларға жайлы қызмет көрсететін заманауи талапқа сай екі күту залы қарастырылған. Вокзал ғимаратының қасбеті мегаполистің сәулеттік келбетіне сай жабдықталып, шыны витражды жүйелерден және металл кассеталардан жасалады.

🔷 Құрылыс жұмыстары 5 кезең бойынша жүргізіледі. Қазір монтаждау жұмыстары жалғасып, нысанда жылу, жарық жүйелері тартылуда.

🔷 Сондай-ақ, өрт сөндіру дабылдары, интернет жүйесі және бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары атқарылуда. Ал бірінші қабатта құрылысшылар колонналарды күшейту жұмыстарын жүргізуде. Вокзал ғимараты республикалық маңызы бар қаланың ерекшелігіне сай қайта құрылып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

🔷 Вокзал ғимараты республикалық маңызы бар қаланың ерекшелігіне сай қайта құрылып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

🔷 Қала әкімі жауаптыларға нысанды мегаполис сәулетіне сай жабдықтап, мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ ФИЛЫМ КӨРЕРМЕНДЕРДІҢ НАЗАРЫНА

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫШ БІЛЕКТІ ПАЛУАНДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру