4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА – ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

🔷 Қазан айының екінші жексенбісі елімізде мүгедектігі бар азаматтардың күні болып белгіленген. Ерекше жандардың құрметіне Опера және балет театрында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.

🔷 Салтанатты жиынға 300-ге жуық азамат шақырылып, тарту-таралғы жасалды.

🔷 Бүгінде мегаполисте 40 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тұрады. Оның ішінде 8 мыңға жуығы 18 жасқа дейінгі балалар. Оларға мемлекет тарапынан айтарлықтай көмек көрсетілуде. Арнайы әлеуметтік портал ашылған.

🔷 Жыл басынан порталға келіп түскен өтініш саны 28 мыңнан асса, өтініш иелері протездік-ортопедиялық көмек құралдарымен, сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен, қол арбалармен, жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметімен, шипажайларға тегін жолдамалармен қамтылды. — Ерекше жандардың қолынан шыққан туындыларды көріп, ерекше әсер алдым.«Балалар жылында» айтулы шығармашылық фестиваль ұйымдастырылып отырғанына қуаныштымын. Шығармашылық пен ізденіс балалардың дүниетанымын жан-жақты дамытуда үлкен рөл атқарады.«Кездесуге қадам» жасап, ұйымдастырып отырған қоғамдық ұйымдарға, атсалысқан білім ұйымдарына, ата-аналарға алғыс білдіремін. Шымкент қалалық жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенттері өздерінің қолөнер бұйымдарын қайырымдылық көрмесіне қойып, ерекше балалар үшін шеберлік сағатын жүргізді. Бірі сыршырай жанрында қылқаламмен сурет бояса, бірі ермексазбен түрлі ертегі кейіпкерлерінің мүсінін жасады. Ал, Оқушылар сарайы мен Саз колледжінің шәкірттері қазақтың көркем күйін шертіп, әсем әннен шашу шашты. Сондай, ақ, танымал киім дизайнерлері ұлттық киімдер мен салтанатты киімдердің дефилесін өткізді.

🔷 Сондай-ақ арнайы жабдықталған «Инватакси» көліктеріне 625 өтінім қабылданып, қызмет көрсетілуде.

🔷 Айта кетейік, әлеуметтік қызметтер порталының мүмкіндіктеріне сәйкес қолданба арқылы азаматтар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен уақытылы жеткізілмегеніне қатысты шағымдана алады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

САМАЛ-3 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

smarttop

КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

smarttop

Пікір қалдыру