4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістанда милиция-генералы Ө.Болсамбековтің төрағалығымен алғаш рет ішкі істер органдарының ардагерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды

«Қарттар күні» мерекесі қарсаңында Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтің арнайы шақыруымен Түркістан қаласына республикадағы барлық өңірдің ІІО ардагерлері келді.
Яғни Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесі төрағаларының басын қосқан семинар 3 күнге созылды.
Жиынға милиция-генералы Өмірзақ Болсамбеков пен полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов төрағалық етті.
«Түркістан қазақ хандығының астанасы болған тарихи қала. Күн сайын көркейіп келе жатқан туристік аймақ. Сондықтан рухани астанада алғашқы семинарымызды бастауды жөн көрдік. Алдағы уақытта полиция саласына өзіндік үлес қосатын ардагерлеріміздің саны одан әрі арта берсін деп тілеймін. Түркістан полицейлерінің жауапкершілігі мол, тынымсыз қызметіне әрқашан сәттілік тілеймін. Ел-жұрт аман болсын!», — деп атап өтті ардагер Өмірзақ Болсамбеков.
Іс-шараның алғашқы тәулігінде ардагерлер Түркістан қаласындағы көрікті әрі тарихи орындарды аралап, туристік полицияның қызметімен жіті танысты.
Одан соң қоғамдық бірлестік мүшелері мен ардагерлер «Жеңіс» саябағында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Жеңіс туын желбірету жолында кеудесін оққа тосқан батыр бабаларымыздың ерлігін еске алды.
ПД-нің жаңа ғимаратын аралап, Жедел басқару орталығында цифрландыру бағытындағы жұмыстарды тамашалады. Мәжіліс залында жеке құраммен кездесіп, марапаттау рәсіміне қатысты.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТКЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 11 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТ КЕЛДІ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ҮШ АЙДА 197 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТАБИҒИ ГАЗ ӨШЕТІНДІГІН ХАБАРЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру