16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ: ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА ТӨРТІНШІ АЛТЫН ТҮСТІ

🔷 Қазақстан құрамасының мүшелері Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды.

🔷 Жұп құраған Сергей Емельянов — шымкенттік спортшы, ал Тимур Хайдаров — түркістандық саңлақ. Жеңіс сыйлаған көрсеткіштері 1:49.01 уақытты құрады.

🔷 Отандастарымыздың маңызды жеңісімен құттықтаған ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев: «Тимур мен Сергейді жеңісімен құттықтаймын! Күрес қиын болды, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерден озып үлгерді. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздерді мақтан тұтады!» — деді.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 524 атлет қатысады. Олар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін бақ сынасады. Бұл дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысқалы тұр.

Азия ойындарында табысты өнер көрсету өте маңызды. Себебі байрақты бәсекеде құрлық чемпионы атағымен қатар, спорттың 8 түрінен Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.

Шымкент қаласынан 33 спорт түрінен 64 спортшы Азия ойындарына қатысады. Олардың қатарында Әлем және Азия чемпиондары бар.

🥊Бокс – 34 лицензия (ерлер – 7 салмақта финалға шыққан 14 боксшы, әйелдер – 50, 54, 57, 60 келіде жартылай финалға шыққандар, 66, 75 келіде финалға шыққан боксшылар);

🏹Садақ ату – 5 лицензия (ерлер — 1,2-орын алғандар, әйелдер — 1,2-орын алғандар, аралас команда — 1-орын алған құрама);

📍Қазіргі бессайыс – 10 лицензия (ерлер 5 лицензия және әйелдер 5 лицензия);

🎼Брейк-данс – 2 лицензия (ер — 1 және әйел — 1);

🎾 Үлкен теннис – 5 лицензия (ер, әйел, жұптық ерлер, жұптық әйелдер, аралас жұптар; тек жеңімпаздар лицензия алады);

🤽♂️Су добы – 2 лицензия (ерлер — 1 және әйелдер құрамасы — 1);

🏊♀️Әртістік жүзу – 2 лицензия (әйелдер дуэті — 1, командалық сайыс — 1);

🏑Көгалдағы хоккей — 2 лицензия (ерлер — 1, әйелдер құрамасы — 1);

❗Жүзу, жеңіл атлетикада белгілі бір уақыт нормативін орындаса, Олимпиада жолдамасы беріледі.

🔷 Еске салайық, Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындары 8 қазан күні мәресіне жетеді.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «АУЫЛ АМАНАТЫНЫҢ» МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУҒА ШАҚЫРДЫ

smarttop

БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ КЕТКЕН КЕМШІЛІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІ ҚАТАҢ ЕСКЕРТТІ

smarttop

Пікір қалдыру