20.3 C
Шымкент
Суббота, 21 марта, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 56 МЫҢНАН АСА АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

🔷 Шымкент қаласындағы жұмыссыздар қатарын азайту мақсатында биыл 57 181 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Осы кезге дейін 56 379 адам мемлекеттік бағдарламалар аясында әртүрлі жұмысқа тартылды.

🔷 Оның ішінде 33 мыңнан астамы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде қамтылса, халықты жұмыспен қамту және тұрмысын жақсарту бағытындағы ауқымды жобалар аясында 11 784 адам кәсіпкерлікті қолдау шараларына ие болған.

🔷 Кешенді жұмыстар шеңберінде 452 шымкенттік мемлекеттік грант иеленсе, 8349 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған. Ал 10 мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

🔷 Сонымен қатар ұлттық жобалар аясында және азаматтардың жеке бастамасымен құрылған жұмыс орындарына 23 мыңға тарта тұрғын орналастырылды.

🔷 Биыл 21-35 жас аралығындағы 261 азаматқа жеңілдетілген 2,5% шағын несие беру жоспарланған еді. Үміткерлердің 400-ден астамы бизнес жобасын қорғап, 231-іне комиссия оң шешім шығарды. 159-на қаражаты аударылып, бүгінде олардың көпшілігі жеке кәсіптерін бастап кетті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер 2 жыл іздеуде жүрген күдіктіні тауып, қамауға алды

smarttop

ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 28 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру