Smarttop.kz

МАС КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 28 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ КӨЛІК БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы кезінде орын алатын оқыс оқиғаларды болдырмас үшін рейдтік шаралар ұйымдастыруда. Осындай шара кезінде Мақтаарал ауданының учаскелік полиция инспекторлары күнделікті қызмет атқару барысында Мырзакент-Жетісай тас жолының бойында «ВАЗ» маркалы автокөліктің алдыңғы терезесі жарылған күйде басқарып келе жатқан жүргізушіні байқап, оны тоқтатты.
Содан тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде, оның мас күйіне күдіктеніп, құқық бұзушыны медициналық кәуландыруға жеткізеді. Қорытындыға сәйкес, автокөлік жүргізушісі мас болудың «орташа дәрежесінде» екені анықталды.
Полиция қызметкерлері масаң күйде көлік жүргізген 28 жастағы ер адамды 15 тәулікке қамауға алып, ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Ұқсас ақпараттар

2023 ЖЫЛДАН БАСТАП 35 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ АЗАМАТТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛУДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ

smarttop

БАКУДЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК РОУД-ШОУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

smarttop

Түлкібастық полицейлер «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы 230-ға жуық құқық бұзушылықты анықтап, 9 автокөлікті айыптұраққа қойды

smarttop

Пікір қалдыру