Smarttop.kz

ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Олжас Пердебайұлы Тәжібаев Шымкент қалалық Құрылыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Олжас Пердебайұлы 1988 жылы 23 тамызда Алматы облысы, Қарасай ауданында туған. Қазақ бас-сәулет құрылыс академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — құрылыс.

Еңбек жолын 2011 жылы «МКО Просто Кредит» ЖШС несие маманы болып бастаған.
2012-2022 жылдары жеке секторда және мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2022-2023 жылдары Алматы қалалық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДА ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІН САЛУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ СТАНДАРТЫ ҚАБЫЛДАНАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ КЕҢІРДЕККЕ РЕКОНСТРУКТИВТІ ОТА ЖАСАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру