0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мемлекеттік білім мекемелерін аралап, өзекті мәселелерімен танысты.

Қаладағы № 67 негізгі орта мектебінің ғимараты 1961 жылы салынған. Жалпы ауданы 752,3 шаршы метрді құрайды. Бүгінде мектепте 219 оқушы білім алуда. Асхана, акт залы қарастырылмаған. Білім ұясында 300 орындық жаңа мектеп салу қажеттілігі туындап отыр.

№ 2 «Білім-инновация» қыздарға арналған лицей-интернатының іргетасы 1964 жылы қаланған. Ғимараттың жалпы ауданы – 2607,8 шаршы метр. Қыздарға арналған лицей 1993 жылы ашылды. Бір ауысымда 240 оқушы білім алуда. Жабық спорт зал салынбаған. Жатақханада орын тапшылығы мәселесі өзекті болып тұр. Жаңа оқу корпусы қажет.

Ә. Бөкейханов атындағы № 2 жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты 1958 жылы 530 орындыққа негізделіп салынған. Қазіргі уақытта 864 оқушы екі ауысымда білім алуда. Жалпы ауданы – 4 942 шаршы метр. Спорт залы негізгі ғимараттың жертөлесінде орналасқан. Білім ұясында орын тапшылығы туындап, жаңа мектеп салу мәселесі күн тәртібінде тұр.

Білім ошақтарының өзекті мәселелерімен танысқан қала әкімі жауаптыларға № 67 негізгі орта мектебінің ғимараты апатты деп танылуына байланысты жаңа мектеп салуды тапсырды. Осы орайда балалар қауіпсіздігін сақтау мақсатында темір жолдан өтпейтін бос жер телімін қарастыруды жүктеді. Сондай-ақ қала басшысы № 2 «Білім-инновация» қыздарға арналған лицей-интернаты алдағы уақытта Тұран шағын ауданынан салынатын жаңа ғимаратқа көшірілетінін жеткізді. Ал апатты деп танылған Ә. Бөкейханов атындағы № 2 жалпы орта білім беру мектебін жаңа мектепке айналатынын айтып, аумағын талапқа сай үлкейту бойынша тапсырма берді.

Ұқсас ақпараттар

Интернет-алаяқтар тобы Қазақстанның екі қаласында ұсталды

smarttop

Жүргізуші өмір бойы көлік басқару құқығынан және 1 жылға бас бостандығынан айырылды

smarttop

Біржан Жақыпов, әлем чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері:

smarttop

Пікір қалдыру