Smarttop.kz

ҚАЛАДА ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫН САЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУЫНДАУДА

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына барып, жұмысымен танысты. Мұнда тұрғылықты жері, жеке басын куәләндыратын құжаттары жоқ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметі есебінде тұратын адамдар қабылданады. Оларға 7 бағыт бойынша әлеуметтік көмектер көрсетіледі.

1983 жылы салынған орталықтың ғимараты 160 орынға арналған. 2006-2007 жылдары ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйесі мен шатыры ауыстырылған. Қазір жеке тұлғаға тиесілі жер телімін мемлекет қажеттілігіне алып, қосымша 50 орындық 2 қабатты заманауи ғимарат құрылысын жүргізу көзделуде. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастар басқармасына жер телімін мемлекет мұқтаждығына алу үшін ұсыныс хаттар жолданған.

Қала әкімі аталған басқарманың басшысына орталық аумағындағы 0,0535 га жер телімінің легализациясымен жеке тұлғаға заңдастырылу мәселесін зерделеп, шұғыл ретке келтіруді тапсырды. Ал сала басшысына әлеуметтік бейімдеу орталығы ғимаратына күрделі жөндеуден өткізу және қосымша ғимарат салу үшін зерделеу жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма берді.

Ұқсас ақпараттар

Референдум по АЭС: на 2 участках голосование началось в 6 утра

smarttop

ЖҰМЫССЫЗДЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДЕГІ ЖҰМЫС ОРНЫНДА КӘСІПТІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

smarttop

ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАУЫНДА

smarttop

Пікір қалдыру