Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: 32 ДӘРІГЕР ТҮРКИЯДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

Түркияда ұйымдастырылған біліктілікті арттыру бағытындағы кешенді шараларға жергілікті медицина ұйымдарындағы бейінді мамандар —
акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар, реабилитологтар, гематологтар, онкогематологтар, хирургтер, урологтар, травматологтар, неврологтар, эндокринологтар, кардиологтар мен онкохирургтер қатысты.

Шымкенттік дәрігерлердің кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы Түркия мемлекетінің алдыңғы қатарлы мамандандырылған «Acibadem Healthcare Group Hospitals/ Acibadem University» орталығымен келісім шарт жасаған. Ортақ келісім негізінде 32 медицина қызметкері біліктілігін арттырды.

Дәрігерлер тәжірибе алмасу барысында кәсіби дағдыларын жетілдіріп, түрлі тақырыпта дәрістер тыңдады. Сондай-ақ аталған университеттің семинарлары мен шеберлік сабақтарына қатысты. Хирургиядағы теориялық және практикалық жаңа әдістерді үйреніп, озық технологияға негізделген операция түрлерін меңгерді.

Ұқсас ақпараттар

АБАЙ АУДАНЫНДА ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ҚАРАТАУ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА СУ АЛУ ҚАУПІ БАР 8 ОРЫНҒА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН САЛУ МАҚСАТЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ КОНКУРСЫ ӨТУДЕ

smarttop

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ МАҢЫ ТАЗАЛАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру