16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АБАЙ АУДАНЫНДА ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

🔷 Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Игілік шағын ауданындағы ұзындығы 650 метр құрайтын топырақ 5 көшеге шағал тас төселді.

Жаз мезгілінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Абай ауданы аумағында орналасқан 1194 ішкі орамдық көше және 202 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында шөп ору жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда, 202 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы шөп ору жұмыстары екі рет (сәуір, маусым) жүргізілді.
Ал, ішкі орамдық 1194 көшенің 563 көшесіндегі (47,2%) қураған шөп орылып, ретке келтірілді.
Қалған, 631 көшедегі (52,8%) шөпті кестеге сәйкес күнделікті тазартуда.
Бүгін кестеге сәйкес Шымсити, Ақжайық, Самал-3 шағын ауданының ішкі көшелерінде шөп орылуда.
Сондай-ақ, көпқабатты үй аулаларында қураған ағаш бұталары кесілуде.
✅ Аталған жұмыстар рет-ретімен жалғасатын болады.

Абай ауданындағы №54, №60, №55, №87, №137 жалпы орта мектептеріндегі және №55 «Самал», №62 «Ботақан», «Ақкөгершін» балабақшасындағы сыртқы және ішкі бөлігінде орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасының заңға сәйкес орналастырылуына байланысты кезекті рейд жүргізілді.
Шараның мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануды насихаттау мен дұрыс орналастырылуын қадағалау.
Алдағы уақытта ауданда орналасқан мекемелерде Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай болуын қадағалау тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Аталған жұмыстар барысы әкімдік тарапынан тұрақты қадағалауда. Аудан бойынша 1-ші кезеңде 16 шақырым көшеге шағал тас төсеу жоспарланған. Сонымен қатар, аталған бағыттағы жұмыстар аудандағы Нұршуақ, Қайнарбұлақ, Самал-3, Достық, Бозарық, Алтынтөбе елді мекендерінде де жалғасын табатын болады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі!

Ұқсас ақпараттар

БАЛАЛАР «12 ҚАЛАМ» ЕРТЕГІСІН ТАМАШАЛАДЫ

smarttop

«ТОҒЫС» ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

smarttop

«БІЗ ЖҰЛДЫЗ БОЛЫП ЖАНАМЫЗ»

smarttop

Пікір қалдыру