«2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы аясында халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларының бірі – субсиядияланатын жұмыс орындары. Жұмысшылардың жалақысы мемлекет тарапынан ішінара немесе толықтай төленеді.
Биыл қалада бұл бағытта 8 428 адам жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 292 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен, 2 566 адам жастар практикасы және 2 884 азамат ақылы қоғамдық жұмыстармен, 1 852 азамат «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», 23 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы және 811 адам «Күміс жас» жобасы аясында жұмыс орындарымен қамтылған.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыруда Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығына қарасты 5 аудандық «Мансап» орталықтары тұрғындармен етене жұмыс істеуде. Мамандар тұрғындармен кездесіп, үнемі бос жұмыс орындарымен таныстыру барысын жүргізуде. Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуда. «Мансап» орталықтарының басты міндеті жұмыссыздарды тіркеп, оларға жұмыс іздеуде және мансабын жоспарлауда көмек беру болып есептеледі.