30.3 C
Шымкент
Среда, 23 июля, 2025
Smarttop.kz

БАЗАР МАҢЫНДАҒЫ ЖЕР АСТЫ ӨТКЕЛДЕРІ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Қаладағы «Алаш», «Бекжан» базарлары көлік ағыны жоғары, халық көп шоғырланатын аумақ болып саналады. Сондықтан, биыл сауда орындары маңына А-2 автомобиль жолы мен Темірлан тас жолы бойында 3 жер асты өткелінің құрылысы қолға алынған болатын.

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Алаш» базары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде болып, жаңа нысандардың сапасын тексерді. Құрылысы жарты жылда жүргізілген жер асты өткелдері бүгін қолданысқа берілді. Енді осы аумақтағы жаяу жүргіншілердің қатынауы жеңілдеп, көлік кептелісі азаятын болады.

Темірлан тас жолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің ұзындығы 42,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метр. Жобаға сәйкес, А-2 автомобиль жолындағы өткел ұзындығы — 36,5 метр, ені 6,8 метр, биіктігі 2,6 метрді құрайды.

Қала басшысы аудан әкіміне жаңа нысандарды күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ал тиісті басқарма басшысына жүріп-тұруы қиын тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, қазір «Бекжан» базары маңында А-2 автомобиль жолы арқылы өтетін жер асты өткелінің құрылыс-монтаж жұмыстары да аяқталуға жақын. Өндірістік кестеге сәйкес нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Ұқсас ақпараттар

ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА АЛЮМИНИЙ ПРОФИЛЬДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

smarttop

ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУ ҮШІН КЕЗЕКТЕ ТҰРУ ҚАЖЕТ

smarttop

Пікір қалдыру