21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

Шымкентте жанар-жағармай бекетінің кассасынан 12 млн теңге жымқырған ер адам сотталды

Полицияға жанар-жағармай бекетінің кассасынан аса ірі мөлшерде ақша жымқырылғаны туралы арыз түсті. Кәсіпкердің айтуынша, кассирші жігіт тәуліктік кезекшілікке түскенде төлем қабылдайтын банк құрылғысының болмауына байланысты, тұтынушыларға өзінің жеке есепшотын айтып, ақшаны сонда аудартып отырған.

Осылайша, ол жанар-жағармай сатудан түскен қаражатты кассаға толық өткізбей, жәбірленушіге 12 350 000 теңге шығын келтірген.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді.

Белгілі болғандай, 35 жастағы жергілікті тұрғын жымқырған ақшаны жеке қажетіне жаратып жіберген.
Тергеушілер барлық айғақтарды жинап,  қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады. Нәтижесінде, сот ер адамды  кінәлі деп танып, оны 5 жылға материалдық жауаптылықпен байланысты қызметтерді атқару құқығынан  және 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: БАС ЖОСПАРДЫ БЕКІТУДІҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ ЖҮРІП ЖАТЫР

smarttop

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ»: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫМЕН ЖЕТІ СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

smarttop

Құрметті қала қала тұрғындары мен қонақтары!

smarttop

Пікір қалдыру