Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА 5 МЫҢ БАС ІРІ ҚАРАҒА АРНАЛҒАН БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде 5 000 бас малға арналған бордақылау алаңы іске қосылды. Кооператив жылына 4 000 тонна ет дайындауға қауқарлы. Шаруа қожалық төрағасы Аброр Рысқұловтың айтуынша, мал бордақылау алаңы 1,7 гектарды құраса, жоба құны — 1,5 млрд. теңге. Бүгінде алаңда 20-25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Осы орайда аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аталған «Жасыл аймақ» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Асыл тұқымды мал санын арттыру және олардың өнімділігін көбейту мақсатында шетелден 500 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алынған. Алдағы уақытта оны 5 000 басқа дейін көбейту жоспарланып отыр.

Ұқсас ақпараттар

ТҰРАН АУДАНЫ: 2025 ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

smarttop

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

smarttop

«Бірлесіп автокөлік жуу орталығын ашамыз» деп танысын алдап, атынан несие рәсімдеген алаяқ анықталды

smarttop

Пікір қалдыру