3.3 C
Шымкент
Вторник, 27 января, 2026
Smarttop.kz

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

«Таза Қазақстан» акция аясында Мақтаарал ауданында қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Атап айтқанда полицейлер 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде белгiленбеген орындарда сауда жасау-103, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау-792, елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ жасыл екпелерді жою және бүлдіру- 205 және жол жабындысын ластау – 74 құқықбұзушылық.
Іс-шараның мақсаты-қоғамда кез келген заң бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру. Рұқсат етілмеген үйінділердің пайда болуына бейім орындарда күнделікті рейдтер жүргізіліп, белгісіз орындарға қоқыс түсіретін және ағынды суларды ағызатын тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жасалып жатыр. Мақтаарал аудандық полиция қызметкерлері барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауға шақырады.

Ұқсас ақпараттар

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН КӨПҚАБАТТЫ 51 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МӘМС ЕСЕБІНЕН 2 МЫҢНАН АСТАМ ОТАНЫ ТЕГІН ЖАСАТҚАН

smarttop

БИЫЛ НҰРТАС ШАҒЫН АУДАНЫ ГАЗ ЖӘНЕ САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру