0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: «ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТУДЕ

Бүгінде қоғамдағы түйткілді мәселелердің бірі – ажырасу. Соңғы жылдары елімізде шаңырағы шайқалған отбасылардың саны артқан. Тіпті, Қазақстан ажырасу бойынша әлемде 16-шы орында тұр. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда неке құрған әрбір үшінші отбасы ажырасады екен. Осыған орай үшінші мегаполисте «Отбасын жоспарлау және отбасылық психология» тақырыбында семинар өтті.
Екі күндік семинарға қала аумағындағы отбасын қолдау орталықтарының мамандары, отбасын құруды жоспарлап жүрген жастар қатысуда. Ал, тәлімгерлер ретінде психолог, қаржы мамандары мен білікті дәрігер болды. Олар қатысушылармен сұрақ-жауап, ойын ойнату форматында еркін пікір алмасып, білімдерімен бөлісті.
– Отбасы – бірліктің, берекенің, адамгершілік қасиеттердің ордасы. Қазіргі қоғамдағы ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жоққа шығара алмаймыз. Әрине, ол жағдайлардың көбі екі адамның отбасы жайлы түсініктері мен жауапкершілік мәселесінде болып тұр. Осыған орай жастарға некеге дейін отбасылық өмір туралы сауаттылық арттыратын осындай іс-шаралар өткізіп тұру керек. Әсіресе құқықтық сауаттылық өте маңызды. Өйткені тұрмыстық зорлық-зомбылық дәстүр емес, қылмыс, – дейді Қарағанды қаласынан келген дәріскер Руслан Тоқатов.
Сонымен қатар, семинарда қаржылық сауаттылық бойынша бизнес-кеңесші Арман Ақбердиев, репродуктивті денсаулық бойынша Назерке Райымбекова мазмұнды сабақтар оқып, тыңдаушылардың көңілінен шықты.
Семинарға қатысушылар өздеріне пайдалы ақпарат алып, тиімді тәжірибе жинағандықтарын тілге тиек етті.
Айта кетейік, іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының халық қорының ұйымдастыруымен өтуде. Семинар ертең де жалғасады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ӘЛЕМНІҢ 18 ЕЛІНЕ ТАНЫСТЫРЫЛУДА

smarttop

САЯБАҚҚА СӘН КІРДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

smarttop

Пікір қалдыру