8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

Түркістандық полицейлер алаяқтық қылмысының 3 жайтына қатысы бар әйелді анықтады

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны таныс емес әйел алдап кеткен. Яғни алаяқ мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз 5 миллион ақшаны шығарып беретінін айтып сендірген.
Осы қызметі үшін жәбірленушіден 1 100 000 теңге ақша алған. Алайда арадан 2 жылдан астам уақыт өтсе де, сенген адамы әр сылтауды бір айтып уақытты создырып келген. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні анықтау үшін тәжірибелі кентаулық тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті әйел анықталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.
Әйел оңай жолмен ақша табу мақсатында, мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы әперемін деп, бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Күдіктінің жалпы 2 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды.
Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1,6 миллион теңге. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері кез-келген адамға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Ең бастысы күмәнді қызмет ұсынатын адамдардан сақ болыңыз.

Ұқсас ақпараттар

Полиция қарт тұрғыннан арқардың мүйіздері мен патрондар тәркіледі

smarttop

ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАСТАРДЫ АЙНАЛЫП ӨТПЕДІ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері «Балалар жылында» кіші футболдан жарыс өткізіп, жасөспірімдерге сыйлық тарту етті

smarttop

Пікір қалдыру