21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

ПРЕЗИДЕНТ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СУ БАСҚАН АУМАҚТАРЫН ТІКҰШАҚПЕН АРАЛАДЫ

Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көруден басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы қалыптасқан жағдаймен танысты.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Президентке бүгінде 6 аудан мен Орал қаласын су басқанын баяндады. Қарғын су 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне зиян келтірген.

Өңір басшысының айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 1911 адам, 332 техника, 101 мотопомпа, 1 тікұшақ жұмылдырылған. Сонымен қатар құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр. Қарғын су басқан аумақтардан 7 мыңға жуық тұрғын көшірілген, жедел-эвакуациялау пункттері құрылған.

Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 63 миллион теңге қаржы бөлінді. Су айдау, нысандардың жан-жағын топырақпен қоршау және су жүретін құбырларды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас ақпараттар

СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚОСЫМША КОРПУСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

СОТ ШЕШІМІМЕН ШЫМКЕНТ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА САПАСЫЗ ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНГЕН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 12 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру