6.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТКЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 11 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТ КЕЛДІ

e-Qonaq желісіндегі сараптамалық көрсеткіш бойынша үшінші мегаполиске 3 ай ішінде шетелден 10 837 қонақ келген. Олардың көбі Өзбекстан, Ресей, Қытайдан келген туристер.
Шетелдіктердің басым бөлігі «Shym Qala» тарихи-мәдени орталығы мен «Арбат» демалыс алаңына қызығушылық танытып отыр. Статистикаға көз жүгіртсек, сұранысқа ие туристік орталықтар қатарында қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі, тарихи-өлкетану мұражайы мен “Бәйдібек би” монументі бар.Шымкент қаласының туризм саласының өкілдері Тянь-Шань тауларының етегіндегі Бішкек қаласында іс-сапарда болды. Қаламыздың ішкі және сыртқы туризмін таныстыру мақсатында бизнес өкілдеріне ақпараттық «Road Show» ұйымдастырылды.

Іс шараға Қырғызстанның озық тур операторлары мен түрлі туристік, ақпараттық орталықтарының өкілдері қатысты. Оларға мегаполистің көрікті жерлері бейнеленген бейнероликтер көрсетіліп, ұлттық тағамдар мен «Шымкент шайы» ұсынылды.

Кездесулер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастық меморандумдары түзіліп, ортақ келісімдер жасалды. Жыл басынан бері қалаға 340 мыңнан астам турист келген. Бүгінде шетелдік турист санын арттыру мақсатында тиісті жұмыстар күшейтіліп отыр.

Кез келген қала қонағы мегаполистің демалыс орындары туралы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының дүңгіршектері арқылы біле алады. Жыл басынан бері орталық 100-ге жуық азаматқа қызмет көрсеткен.
Дүңгіршектер Әл-Фараби алаңы, 2/10 және Бакбаев көшесі, 51в мекен-жайында орналасқан.
Айта кетейік, туризм басқармасы тарапынан қала туризмін дамытуға үлес қосқан бизнес иелері үшін ынталандыру шаралары қарастырылған. Басқарма туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезіндегі шығындардың 10%-ын өтеп, туристік автобустарды сатып алу бойынша 25% өтемақы береді. Сонымен қатар, жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде 10% өтемақы қарастырылған және кәсіпкерлік субъектілерінде санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға ай сайын 83 300 теңге мөлшерінде субсидия бөлінеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Полицей Думанжан «Балалар жылына» байланысты өлең жазып, мәнерлеп оқыды

smarttop

7 ТҰРҒЫН ҮЙДЕ СПОРТ АЛАҢЫ МЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ АШЫЛДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру