16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында Шымкентте #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілуде.
Акцияға қатысушылар Қаратау ауданы аумағында орналасқан тарихи-мәдени орындардың тазалығына да назар аударды. Атап айтқанда Сайрам тұрғын алабында орналасқан, туристердің ең көп баратын аумағы Ибрагим ата, Қарашаш ана, Мірәлі баб кесенелері мен Қызыр мұнарасы аумағында өткізілді. Аймақты тазалаумен қатар қураған ағаштарды кесу, талдарды әктеу, шөптерді тазалау, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына 450-дан астам адам қатысып, бірқатар арнайы техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ, аталған жұмыстар киелі орындардың тартымдылығын арттырып, туристердің қызығушылығын оятатыны сөзсіз.
Акцияға қоғам белсендісі – М.Мирхалдаров, кәсіәби гид экскурсовод Г.Бекмуратова қатысып, тарихи орынның шығу тарихына тоқталып өтті. Олар өз сөзінде еліміздегі туристік аймақтарды дамыту, оларды күтіп ұстау тек мемлекеттің емес барша азаматтардың міндеті екеніне тоқталды.
Ал, белсенді жас А.Сматулла қала жастарын тазалық акциясына белсенді қатысуға және қаламызды таза ұстауға шақырды.Экологиялық акцияның мақсаты — экологиялық білімдерін, экологиялық мәдениетін дамыту және туған өлкенің табиғатына құрметпен қарауға тәрбиелеу; экологиялық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік қызметті ынталандыру.
Экологиялық (экологиялық) акция деп жастардың экологиялық жағдайды, кез келген экологиялық мәселеге қатысты халықтың қоғамдық пікірін өзгертуге бағытталған практикалық іс-әрекеті түсініледі. Кез келген экологиялық акцияның мақсаты экологиялық проблемаларды шешуге, қоршаған ортаның жай-күйін сақтауға немесе жақсартуға практикалық көмек көрсету болып табылады.

Ұқсас ақпараттар

САЯБАҚТЫҢ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

smarttop

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІМЕН БІРЛЕСЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕК

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 209 ГЕКТАРҒА ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНҒАН

smarttop

Пікір қалдыру