13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОБАҚТА БАУЫРСАҚ ТАРАТЫЛЫП, ҚАРИЯЛАР БАТА БЕРДІ

«Тазалық өзімізден, қоршаған ортаға деген көзқарасымыздан, тұратын, жұмыс істейтін, білім алатын жерден басталады. Ал, оның барлығы өскелең ұрпақтың бойына отбасындағы тәрбиемен келетін қасиет. Асанбай Асқаров атындағы дендробақта бүгін Абай ауданының тұрғындары, жастары жиналып, көктемгі шаруаларға атсалысып жатқаны қуантады. Игі іс әрдайым жалғасын тауып, қаламыз көркейе түссін!». Абай ауданына қарасты Қызылжар шағынауданы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Бастархан Байжанов қария жастарға осылай деп батасын берді.
#TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасы аясында Абай және Қаратау ауданының тұрғындары, А.Асқаров атындағы дендробақ директорының орынбасары Е.Төрехан, славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Н.Романова, Жастар ресурстық орталығының жастары А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағы мен «Қасірет» мемориалы аумағын қоқыстан тазарту, көгалдандыру жұмысына қатысты.– Акцияның мақсаты – халық ара­сында тарихи-мәдени орын­дар­дағы экология­лық мәдениетті қа­л­ып­тастыру. Осылайша мәдени мұра­лары­мызды сақ­тай оты­рып, жастар арқылы мәдениет дең­гейін арт­тыруды көздеп отырмыз. Алдың­ғы қатар­лы елдердің қа­тарына қосылғы­мыз келсе, бірінші кезекте мәдениеті­міз­дің дең­гейін көтеруіміз қажет, – деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
– Акцияға қатысушылардың ерекше көңіл күймен, белсенділік танытып жатқаны қуантады. Ораза айт мерекесіне орай барлық қатысушыларға бауырсақ үлестірілді. Бұл да еңбек етіп жатқан азаматтарға серпін берді. Жалпы, үгінгі тазалық шарасына 2 мыңға жуық адам, 23 техника жұмылдырылған. Таңғы сағат 8-ден бастап тұрғындар Абай ауданына қарасты 4 локацияда жұмыс істеді. Акция барысында, 14867 шаршы метр көше бойы, 10,1 шақырым аяқ жол тазартылды. Сонымен қатар, 12300 түп ағаш діңі әктеліп, санитарлық қырқу жұмыстары жүргізілді. Қазірге дейін 120 текше метр қоқыс шығарылды, — дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлнұр Асылбекова.
Е.Төреханның айтуынша, жастар ағаштардың діңін ақтаумен қатар, тұқымбақтағы ағаш көшеттерінің түбін арамшөптен тазартқан.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ CАУДА ОРЫНДАРЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУДА

smarttop

СӘУЛЕ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ 1 МЫҢНАН АСТАМ АБОНЕНТ КӨГІЛДІР ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру