7.3 C
Шымкент
Вторник, 26 ноября, 2024
Smarttop.kz

БІРДЕ-БІР АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІҢ НАЗАРЫНАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ: ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҮШІН ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС ӘЗІРЛЕНДІ

Орталық коммуникациялар қызметінің базасында, Үкіметтің қолдауымен осы контекст бойынша барлық қажетті ақпарат бір сайтта жинақталатын Qoldau.gov.kz ресурсы әзірленді: қолдау шаралары туралы өзекті деректер, онлайн-өтініштер, жедел мәліметтер, соңғы жаңалықтар, ресми тұлғалардың мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің релиздері.
Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары Александр Белиловский атап өткендей, барлық деректер барынша тез жаңартылып, қосылып отырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі аппараты басшысының бірінші орынбасары Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен селекторлық кеңес өтті, онда өңірлердегі су тасқынына дайындық жұмыстары жайлы айтылды. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев те қатысып, өз баяндамасында соңғы жылдары өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені іске асырылғанын, соның арқасында 175-тен астам мекенде қауіп барынша азайтылғанын атап өтті. Одан кейін баяндама жасаған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Рамиль Камалов облыс аумағындағы су тасқыны жағдайының болжамы туралы хабардар етіп, төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар туралы айтты. Оның сөзінше, көктемгі су тасқыны қаупінде жедел әрекет ету үшін құрамында 472 адам және 134 бірлік техника бар департамет, полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлері қатарынан күштер мен құралдар тобы құрылған екен. Өткен жылдардағы тәжірибеге сүйене отырып, департамент осал учаскелерге алдын ала шоғырландыру үшін күштер мен құралдарды 8 бағытта топтастыруды жоспарлап отыр.
«Су тасқыны басталғаннан бері ОКҚ базасында Республикалық ақпараттық штаб ашылды, Осы уақытқа дейін министрліктер мен әкімдіктер өкілдерінің қатысуымен 170-ке жуық брифинг өткізілді. Үкімет зардап шеккен өңірлердегі ахуал және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданған барлық шаралар туралы дереу хабардар етеді. Су тасқынына байланысты ақпарат көп болған жағдайда, адамдарда оны тексеріп, ресми дереккөздермен салыстыру мүмкіндігі болуы керек», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Су тасқынынан зардап шеккен әрбір азамат өз жағдайы туралы ақпаратты тексере алады. Жақын арада платформада осындай функция іске қосылмақ.
@ortcom_kz #CCS

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: «E-SALYQ BUSINESS» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫН 1,5 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПКЕР ПАЙДАЛАНУДА

smarttop

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: ЖАСТАРДЫҢ КӘСІПКЕРЛІГІН ҚОЛДАУ ҮШІН ЖЫЛДЫҚ 2,5% ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАҒЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ЖЕКЕ ТЕТІГІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

Д.ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ БОЙЫНША ЖҮРІСКЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру