Мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру.Жастарға арналған 2,5 пайыздық несие
Несие 5-7 жылға беріледі. Ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге
Жастарға арналған жаңа кредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Негізгі шарттары:
микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін);
микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін;
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
микрокредит кепілмен қамтамасыз етілуі шарт.
Несие беру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. Несие алатын уақытта үміткерлердің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аспаған болуы шарт.
Сондай-ақ, жобада микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескерілетіні жазылған.
Биыл аталған бағдарлама бойынша 5,8 мың адамға несие беру жоспарланған. Осы мақсатта бюджеттен 29 млрд теңге бөлінді. 2023-2024 жылдары жыл сайын қаржыландыру көлемі 30 млрд теңге болмақ.Несиенің максималды мөлшері 5 млн теңге. Қарыз 5 жылға, ауыл шаруашылығындағы бизнеске 7 жылға дейін беріледі.Сонымен қатар, несиені төлеу бойынша, несие мерзімінің алғашқы үштен бірінде каникул беріледі. Бұл бизнестің аяққа көтеріліп, айналымға шығып кетуі үшін қарастырылған.Сәкен Ділдахметтің айтуынша, бағдардамаға 21-35 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Сонымен қатар, кәсіпкерлер де өз бизнесін дамыту үшін осы бағдарламаға қатыса алады.Түсіндірме жұмыстары барысында базар жастарына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын 2,5% жеңілдетілген несие жөнінде толыққанды ақпарат айтылып, қажетті құжаттардың тізімі мен оқу барысындағы өзгерістер туралы түсіндірілді.