18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ СПОРТҚА АҚША БӨЛУДЕН РЕСПУБЛИКАДА 1 ОРЫНДА ТҰР

Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасына биыл 25 млрд теңге, ал былтырғы жылы 27 млрд теңге бөлінген. Республика бойынша шекті лимит көлемі 15 миллиардтан аспауы тиіс. Дегенмен қала әкімінің қолдауымен сандар 2 есеге ұлғайған. Бұл туралы Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

«Жас ұрпақтың спорттық әлеуетіне назар аудару қажет: қаражат тапшылығы жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен қолдаудың мағынасы жоқ. Мемлекеттік және квазимемлекеттік компаниялар бюджетінен миллиардтаған қаражат тиімсіз жұмсалады. Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және балаларға басымдық беру керек», — деді президент.

Қазақстанда кәсіби спорт мемлекеттік екі қаражат көзінен қаржыландырылады: республикалық бюджеттен ұлттық құрама командаларын ұстауға қаражат ҰОК-қа түседі, кәсіби клубтарды әкімдіктер қаржыландырады.

 

Жергілікті бюджеттердегі шығыстар ұлттық құрамалардың құртатын қаражатынан едәуір көп, оны ұстауға ҰОК екі жыл ішінде шамамен 20 млрд бөлген. Биыл өңірлердегі спорт шығындары 130 миллиард теңгені құрады.

«Жергілікті жерде қаражат жоспарлау кезінде теңсіздік орын алады. Бұл бюджеттердің үштен бірі, тіпті кейде жартысы футболды қаржыландыруға жұмсалады. Сондықтан спорттың басым түрлерін қаржыландыруға заңнамалық деңгейде шектеу ұсынған жөн», — деп ұсынды ол.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлының қатысуымен «Түркістан» сарайында кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске тиісті басқарма басшылары, спорт майталмандары мен ардагерлер, құзырлы орган қызметкерлері, мәслихат депутаттары және басқармаға қарасты спорт мекемелері қатысты.
Күн тәртібі бойынша спорт мекемелерінің 2023 жылғы атқарған жұмыстары мен ұсыныстары тыңдалды.

Ұқсас ақпараттар

ЖОЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ -НАЗАРДА

smarttop

600-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАЛДАУ АҚЫСЫНА СУБСИДИЯ АЛАДЫ

smarttop

Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаевтың 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары бойынша есеп беру кездесуі

smarttop

Пікір қалдыру