3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ МАМЫРДА БЕКІТІЛЕДІ

❇️ Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі дамуының Бас жоспары әзірленіп жатыр. Бұл жобаның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Қаланың бас жоспарының бірінші кезеңімен таныстырып жатырмыз. Мұнда қаланың ішіндегі жолдар қалай  жетілдіріледі, өндіріс және индустриалдық аймақтар қалай орналасады, жеке секторға қарағанда басымдық көпқабатты тұрғын үй  секторына беріледі. Қаламыздың аумағы кеңейді, халықтың саны да өсуде. Осыған байланысты 5-ші аудан  бойынша ұсынысымызды үкіметке бердік. Басқару бойынша барлық есептеулермен. Қорғасын зауыты төңірегіндегі  ескі үйлерді сүру бойынша тұрғындардың өздерінен ұсыныс күтеміз».

Сәулетшілер шаһардың бас жоспарын әзірлегенде шетсіз қала деген қағиданы ұстанған. Ол дегеніміз Шымкентте тұратын азаматтарға тең жағдай жасау.Аумағы кеңейген, халық саны 1 млн-нан асқан Шымқаланың бас жоспарының бірінші кезегі маусымның 23-нен бастап халықтың талқылауына ұсынылды. Келесі айдың, яғни шілденің 23-не дейін қаламыздың әрбір тұрғыны бас жоспармен танысып, өз ұсыныстарын жазбаша қалдыруға мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қаланың геоақпараттық жүйесі жасақталуда. 🔷 Геопортал бүгінде сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Электрондық жүйе де осы кезеңде толықтай іске қосылады. Бүгінде қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан 17 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Биыл қаңтар-наурыз айларында 13 967 мемлекеттік қызмет көрсетіген. 🔷 Оның ішінде құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну қызметі — 1 295 рет, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру қызметі – 5 319 рет, ал, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру қызметі — 1 347 рет, сондай-ақ, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі — 1 577 рет көрсетілген.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі

smarttop

«ТАЗА СӨЙЛЕУ ДЕ ТАЗАЛЫҚҚА ЖАТАДЫ»

smarttop

БАСТЫ БАЙЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ

smarttop

Пікір қалдыру