9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: СЕРУЕН АЙМАҒЫ ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН САЛЫНАДЫ

А.Асқаров атындағы дендробақ пен Қажымұқан стадионы арасына жүргізілген балалар темір жолына қатысты мәселе шешімін тапты.
1980 жылы пайдалануға берілген балалар темір жолы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы нарықтық қиындық кезеңінде жұмысын тоқтатқан еді. Кейіннен бірнеше рет іске қосуға талпыныс болғанымен, локомотив істен шығып, депоға қойылған.
Қала әкімі Ғ. Сыздықбеков локомотивті ескерткіш ретінде пайдаланылып, балалар темір жолы бойы заман талабына сай серуен аймағына айналатынын мәлімдеді.
Жергілікті биліктің мұндай қадамға баруының себебі көп. Біріншіден, 1980 жылдан бері қала өте қатты өзгерді. Бір кездері қала сырты болып саналған аумақ бүгінде орталық болып қалды. Темір жол көлік қозғалысына кедергі келтіріп қана қоймай, үлкен қауіп туғызар еді. Серуен — бұл балабақшадағы негізгі сауықтыру іс-шараларының бірі, балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтудың, толыққанды физикалық дамудың, балалардың әртүрлі қозғалыс белсенділігінің алдын алады. Балалардың ашық аспан астында таза  ауада болуы физикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие. Серуендеу — бұл баланың денесін шынықтырудың алғашқы және қол жетімді құралы. Бұл оның төзімділігі мен қоршаған ортаның қолайсыз әсерлеріне, әсіресе суыққа төзімділігін арттыруға көмектеседі. Қыс  мезгілінде  балаларды шанамен, шаңғымен, мұз жолымен сырғанату үшін серуенді қолданған жөн. Мұның бәрі балалардың физикалық дамуының жағдайын жақсартуға көмектеседі, дененің жаттығуын жақсартады, оқу қызметінен алған психикалық стресс серуен барысында ұмытылады, оның қорғаныс реакциясын және зиянды факторларға төзімділігін арттырады.
Екіншіден, локомотив толық істен шыққан. Мамандар мұндай локомотивтер бүгінде шығарылмайтынын, ал арнайы тапсырыспен жасату өте қымбатқа шығатынын мәлімдеп отыр.
— Балалар темір жолының бойын жаңғыртуға арналған жоба демеушілердің қаржысына жүргізіледі. Ал, қала бюджеті қаладағы жоспарлы және кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге бағытталады. Шымкентте бұған дейін де бірнеше жоба демеушілер есебінен жаңарып, халық игілігіне берілген болатын. Біз қала бюджетін халықтың әлеуметтік жағдайына септігі тиетін маңызды жобаларға бағыттап, тиімді игеруді көздеп отырмыз, — дейді Ғабит Сыздықбеков.
Дендробақ пен Қажымұқан стадионы маңындағы екі стансаның орны серуендеушілерге қажетті заттарды сататын дүкен үшін беріледі.
Қала жұртшылығының белсенді демалуына, салауатты өмір салтын ұстануына арналған жоба жақын арада пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАНДА «БАЛАЛАРДЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН» МЕРЕКЕЛІК ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ЖОЛ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

smarttop

ШЫМКЕНТ ГОРОД ДРУЖБЫ И ГОСТЕПРИИМСТВА

smarttop

Пікір қалдыру