3.3 C
Шымкент
Воскресенье, 10 ноября, 2024
Smarttop.kz

АСАР-2 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІ АСФАЛЬТТАЛУДА

🔷 Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес мегаполистің ішкі орам көшелерін жөндеуден өткізуге басымдық берілген. Осыған орай, шағын аудандар мен тұрғын алаптар инфрақұрылыммен қамтылып, өз кезегінде жұмыстар жүйелі атқарылуда. 🔷 Бүгінгі күні Асар-2 шағын ауданы аумағындағы Күншоғыр көшелері орташа жөндеуден өтуде. Аталған шағын ауданның 4 көшесіне 2 қабат асфальт төселеді. Көшелердің жалпы ұзындығы — 1,2 шақырымды, ені 5 метрді қамтыса, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ені – 1,5 метрге жеткізілді. Одан бөлек, Шымкент қаласында көшелерді жарықтандыру жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жол бойында біз су төгетін жерлерді ретке келтіреміз, оларды тегістейміз, автобус аялдамаларында автобустардың асфальтына қысым әсерінен пайда болған шұңқырларды алып тастаймыз. Осы бұзылулардың салдарынан аялдамалардың «қалталарында» су жиналады, ол күзде және қыста қатып, жол жабынын бұзады, – деді  әкім. Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында бірінші кезекте орталық көшелер жарықтандырылған. Ал, шағын аудандар мен тұрғын алаптарда мектеп, балабақша, емхана, аурухана немесе өзге де әлеуметтік нысандар орналасқан және тұрғындар көп жүретін көшелерге басымдық берілуде.Жол бойында біз су төгетін жерлерді ретке келтіреміз, оларды тегістейміз, автобус аялдамаларында автобустардың асфальтына қысым әсерінен пайда болған шұңқырларды алып тастаймыз. Осы бұзылулардың салдарынан аялдамалардың «қалталарында» су жиналады, ол күзде және қыста қатып, жол жабынын бұзады, – деді

🔷 Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары 236,3 шақырымды құрайтын 297 көшеге жүргізілу жоспарлануда. Сондай-ақ, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейі 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Ал 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің 2024 жылдың 1-6 шілде аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу

smarttop

ТҰРАН АУДАНЫНДА АУЛА ІШІЛІК КӨШЕЛЕР АСФАЛЬТТАНДЫ

smarttop

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДА ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН 189 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру