9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТІЛДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Шымкент қаласындағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған 23 тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарына Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау және зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Тіл- ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы, кең мағынасында сауаттылығы соның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымдылығының кеңдігімен өлшенеді. Еліміз егемендік алып, ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай міндет емес, себебі ол тіл сол мемлекет иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. Яғни ол өнер, әдебиет, мәдениетте, баспасөз, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, ресми іс-қағаздар т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қажетті құралына айналуы қажет.
Осы орайда, бекітілген кестеге сәйкес, қалаға қарасты Әл-Фараби ауданы бойынша этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптарда, атап айтқанда: Көркем (Забадам), Қарасу, Химфарм шағын ауданы бойынша кәсіпкерлік нысан иелеріне, барлығы 37 кәсіпкерлік нысандарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ және қалаға қарасты бес аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінен патрульдік топ құрылған.
Топ тарапынан қолданыстағы заң талаптарын сақтамаған 19 кәсіпкерлік нысандардың иелеріне арнайы парақшалар таратылып, ескертулер берілді. Қолданыстағы заңның тиісті дәрежеде сақталуына бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

smarttop

Жолаушылар көлігін дамытудың кезекті жұмыстары қалай атқарылмақ?

smarttop

ШЫМКЕНТТІКТЕР МЕН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

smarttop

Пікір қалдыру