20.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ҚАЛА ӘКІМІ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, сонымен қатар 2023-2024 оқу жылының салтанатты іс-шараларының қауіпсіздік мәселесі, субұрқақтарын қосу жайы талқыланды.
Аталған аудан халқымен кездесу барысында 124 мәселе көтерілген, қазіргі таңда 64-і орындалып, 48-і жұмыс барысында, 12 мәселе 2025 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді.
Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә. Оңғар қала аумағындағы су бұрқақтарын қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Қазір басқарма теңгерімінде 25 нысанда 37 су бұрқағы бар. Бүгінде демеушілер есебінен субұрқақтар қосылуда. Қала басшысы жауаптыларға бүлінген су бұрқақтарын қалпына келтіріп, 1 маусымға дейін жаппай іске қосып, жылы маусымда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қала аумағындағы саябақтарды жарықтандыру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, демалушыларға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырма берді. Бүгінгі күнге дейін мәжілістерде берілген тапсырмалар, барлық деңгейдегі хаттамалық тапсырмалар арнайы ақпараттық жүйеге енгізіліп, күнделікті мониторинг жүргізілуде. Осы ретте, Жасұлан Уәлиұлы хаттамалық тапсырмалар мен хаттарды уақытылы орындамай мерзім бұзушылықтарға жол берген бөлімдерді атап өтті.
Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Е. Абдраманов «Соңғы қоңырау» бойынша қауіпсіздікті қамтуда қолға алынатын іс шараларды баяндады. Қала әкімі бұл ретте Білім басқармасының басшысына тәртіп сақшыларымен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды. Бұл күндері жалпы білім беру ұйымдарында, ойын-сауық орындарында, жастар көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп күшейтіледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

АБАЙ АУДАНЫНДА ДЕМЕУШІЛЕР УЛЫ ГАЗДЫ АНЫҚТАЙТЫН 16 ГАЗ ДАТЧИГІН ОРНАТТЫ

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҢҒЫРТУ — «ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН» МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

smarttop

ХАБАРЛАНДЫРУ

smarttop

Пікір қалдыру