0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: БИЫЛ 3 ГҮЛЗАР САЛУ ЖОСПАРДА

Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баспасөз конференциясы өтті. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлардан хабардар етті. Аудан инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100 % қамтылған.
2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде аудан әкімдігі тарапынан 66 балалар ойын алаңшасын, 4 ашық спорт алаңшасын, 3 аумаққа гүлзар салу жоспарлануда. Жалпы 118 көше жарықтандырылады. Әрбір үй шаруасындағы әйел өзінің аумағын немесе жазғы коттеджін қандай да бір түрде ерекше түрде безендіргісі келеді. Гүл отырғызып қана қоймай, тастардан түпнұсқа клубтар жасаңыз, жолдарды салыңыз және сәндік тоғанды жабдықтаңыз. Мұның бәріне қол жеткізуге болады, ең бастысы — сайтқа жеткілікті уақыт пен күш жұмсау.
Сонымен қатар, 38 көшеге (13 шақырым) асфальт, 58 ішкі орам көшелері (21 шақырым) мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына аяқ жол және 20 көшеге ирригациялық жүйелер салынады. 427 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы асфальт жолдары ретке келтіріліп, ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
– Қалаға жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында 20 көпқабатты үйдің қасбеттерін реттеу және әрлеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. 20 көпқабатты үйдің қасбетін жарықтандыру, 7 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетіне Мурал салу және 22 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жұмыстарын атқарып, коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту жоспарлануда. Аудан аумағындағы орталық көшелерге көлемі үлкен 657 дана темір қоқыс жәшігі, 680 дана қоқыс контейнері орнатылады, – деді Рашид Мамытұлы.
Бүгінгі таңда «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 2023-2024 жылдары 34 жаяу жүргінші жолдардындағы тастар, 170 үй ауласындағы орындық тақтайшалары ауыстырылып, істен шыққан жабдықтар, қоқыс жәшіктері, қоршаулар қалпына келтірілді.
Аудан әкімі абаттандыру, тұрмыстық қалдықтарды жою жөніндегі БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

«Мемлекеттен 5 миллион теңге әперемін» деп 20-дан астам тұрғынды алдаған алаяқ әйелдер 3 жылға сотталды

smarttop

Көшеде заңсыз мылтық ұстап жүрген орта жастағы ер адам ұсталды

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ТОҚТАП ҚАЛҒАН ЖҮРЕКТІ ҚАЙТА ТІРІЛТТІ

smarttop

Пікір қалдыру