Өкінішке қарай, елімізде соңғы жылдары өрт оқиғасы жиілеп кетті. Мәселен, Шымкент қаласында жыл басынан бері 93 өрт тіркелген. Бұл сандар былтырғы жылмен салыстырғанда 10%-ға өскен. Материалдық шығын 247 млн. 555 мың теңгені құрайды. Ал, тұрғын үйлер мен көліктердің жану жағдайлары бойынша 289 оқиға орын алған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде кеңінен айтылды.
«Алайда, олар әлі күнге дейін жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыра алмай отыр. Бұл салада білікті мамандар мен қажетті жабдықтар жетіспейді. Осыған байланысты, өңір әкімдіктері газ-техникалық инспекциялардың өкілеттіктерін кеңейту және оларды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуі қажет. Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғау академиясының базасында осы салаға арналған кадрларды даярлау деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылдауы керек», — деп атап өтті. Осыған байланысты премьер-министр үйлерде газ датчиктерін орнату жұмыстарын және жеке тұрғын үй секторына рейдтерді күшейтіп, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі бойынша халықпен профилактикалық жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.
Жиында алғашқы болып сөз алған Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Эльмира Ережепованың айтуынша, өрт оқиғасының шығу себебі тұрғындардың салғырт қарауынан. Қазіргі таңда көпқабатты үйлерден шығатын өрттердің басым көпшілігі газ және түрлі техникалардың қосылып қалуы, электр жүйелерінің қысқа тұйықталуы сияқты мәслелермен жиі кездеседі.
2024 жылдың 15-16 мамыр күндері орман-дала өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылықтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылдарын пысықтау мақсатында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде «Жасыл белдеу» мекемесінің орман қоры жерінде қалалық төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен өрт-тактикалық оқу жаттығу жұмыстары өткізілді.
Іс шараға азаматтық қорғау қызметінен жалпы 297 адам және 79 бірлік техника қатысты.
Сонымен қатар, орман қоры мен жасыл белдеу аумағында өрттің қауіпті екендігін ескертетін үгіт-насихат парақшалары таратылды. Бүгінде профилактикалық іс-шаралар өрт қауіпі бар маусымында тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағы аумағында өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында 2024 жылы 9 км минералды жолақтар жаңартылды және қураған ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары, сонымен қатар, саябақ ішіндегі жолдардың екі беті 2-3 метр аралықта шөбі орылып тазаланып, келушілерге үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда саябақта өрт қауіпті маусымына орай МТЗ-80 және МТЗ-82 тракторлары соқаларымен және Газ-53 су тасымалдау көлігі дайындалды.