Оқу жылы аяқталып, жазғы демалыс басталды. Енді қауіпсіздік шараларын екі есе арттыру қажет. Балалардың терезеден құлау фактісінің алдын алу үшін төтеншеліктер түсіндіру жұмыстарына кірісіп кетті. Тіпті, үй-үйді аралап, терезелерге шектеуіштер орнатып жүр. Балалар қауіпсіздігі жайлы келесі сюжетте.
Қалалық жерде балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Сондықтан да жаз жақындағанда қауіпсіздікті қамту аса маңызды. Осы мақсатты Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізіп, көпбалалы отбасылардың үйінің терезесіне шектегіштер орнатуды бастады.
Алдағы жаз мезгілінде ашық тұрған терезедегі қауіптің барын үлкендер ұмытып кетеді. Ал кішкентай балалар терезе алдында өздерін қауіпсіз сезінеді. Оқыс оқиға абайсыздан, ата-ананың қарауынсыз қалған кезде болады. Сондықтан да баласы бар әр үй темір торы болмаған жағдайда арнайы шектегіш орнатуға міндетті.
Терезенің жанында жиһаздардың тұруы — балаға оны оңай ашып алуына мүмкіндік береді. Маскит торына сенуге мүлдем болмайды, ол баланы қорғамайды, керісінше терезеден құлап кетуіне ықпал етеді. Себебі, бала оған сүйеніп, өзін қауіпсіз сезінеді. Сол сәтте москит торымен қоса, бала құлап кетуі мүмкін. Балалардың қауіпсіздігі мен амандығына оларды күштеуден, зорлық-зомбылықтан қорғау, денсаулықтары мен дамуының нашарлауының алдын алу, балалардың жағымды әрі қолайлы жағдайда өсуін қамтамасыз ету, қауіпсіздіктері мен ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін барлық шараларды қабылдау процестері жатады.
Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері балалардың терезеден құлауының 3 жағдайы орын алған. Абырой болғанда, қайтыс болғандар жоқ. Бұл өткен 2023 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1 дерекке көп Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін департамент мамандары 78 көпқабатты үйді аралап, 45 жиын өткізген.