-0.7 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІНЕ ЕНГІЗУ БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖОСПАРЛАНАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ

Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар тізілімге енгізу мақсатында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосу мәселелерін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның» қарауына https://www.gov.kz/…/shymke…/documents/details/661959… ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады.
Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының https://www.gov.kz/…/shymke…/documents/details/661959… көрсетілген, 2-қосымшадағы бекітілген нысандарға (форма) сәйкес басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.
Өтінім берілетін орын: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10, 13-қабат, №1307 кабинет.
Электрондық пошта мекенжайы: msb_shymkent@mail.ru
Байланыс телефондары: 8 (7252) 24-74-22, 24-75-14.
Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылғы «1» маусым бастап
2024 жылғы «15» маусым аралығында жұмыс күндері сағат 10-нан 17-ге дейін (жергілікті уақыт).
Осы хабарландырумен және құжаттамамен https://www.gov.kz/…/shymke…/documents/details/661959… сайтта танысуға болады.
Ғабит Сыздықбеков

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ КЕПТЕЛІСТІ АЗАЙТУДА КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

smarttop

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА НАҚТЫ ІСТЕР

smarttop

ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

smarttop

Пікір қалдыру