7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАСАНДЫ ЖҮРЕК 36 ЖАСТАҒЫ АЗАМАТҚА ӨМІР СЫЙЛАДЫ

36 жастағы Мұхаммад Тажиддиновқа жасанды жүрек осыдан 6 ай бұрын Шымкент жүрек орталығында салынған. Өткір жүрек жетіспеушілігіне шалдыққан науқас оған дейін бірнеше рет клиникалық өлімге ұшыраған. 3 баланың әкесін аман алып қалудың жалғыз жолы жасанды жүрек салу болады. Білікті кардиолог-дәрігерлер оған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жүректің жасанды сол жақ қарыншасын (LVAD) импланттайтын отаны жасаған.

Пациенттің айтуынша қазіргі таңда жағдайы жақсы және ентігуі басылып, қалыпты өміріне оралған. Көмекші механикалық құрылғы қан айналымын жеткілікті көлемде қамтып, жүрек жұмысын қалыпта ұстайды. Тек үнемі сымдары жүректегі аппаратқа жалғанған сөмкемен жүруі қажет. Аппаратты арнайы батареяларымен қуаттайды. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл кеселді жүрек бұлшықетінің ағзаны қан мен оттегіге қажет­тілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті мөлшерде қан айдай алмайтын созылмалы, өр­ши беретін ахуал. Науқасты ентігу, кеуденің қысылуы, аяқ­тың ісінуі, бүйрегі мазалайды. Мұның соңы асқына келе ажал құштыруы мүмкін. Сон­дықтан созылмалы жүрек функ­циясының жеткіліксіздігі қа­терлі ісіктен кейінгі өлім-жі­тімге жетелейтін аурулардың ба­сында тұр. Ал LVAD имплантациясы ауыр СЖЖ диагнозы қойылған науқастарды емдеудің жаңа дәуірі десек те болады.Жалпы, Шымкент жүрек орталығында соңғы 4 жыл ішінде МӘМС жүйесі есебінен 13 науқасқа жасанды жүрек отасы жасалған. Жоғары технологиялы медициналық көмек созылмалы жүрек жеткіліксіздігі ауруына шалдыққан азаматтардың өмірін ұзартуға немесе жүрек трансплантациясын күтуге мүмкіндік береді. Құны 77 миллион теңгені құрайтын күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалынады. Клиника басшысының ай­туын­ша, екі түтігі бар, біреуі қол­қаға, екіншісі жүректің сол жақ қа­рыншасына қосылған шағын сорғы сол жақ қарын­ша­ның қыз­метін атқарады. LVAD өмір­ді ұзартуға, бұрынғы қалпына ора­луға мүмкіндік бе­реді. Жа­санды жүрегі бар нау­қастың басқа адамдардан айыр­машылығы – оның тамыр со­ғысы болмайды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ “АҢСАҒАН СӘБИ” БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 136 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірім қызды Шымкент қаласынан тапты

smarttop

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ 75 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру