Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 134-бабына сәйкес, бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеуші сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкiн.
Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау және қадағалау, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.
Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер;
2) жоспардан тыс тексерулер.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты тағайындайтын «тексеру» ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін «тексеру» болып табылады.