3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық орта сапасы және
бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы лауазымына Керімжанов Мерлан Әбдірахманұлы тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 134-бабына сәйкес, бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеуші сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкiн.

Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау және қадағалау, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер;

2) жоспардан тыс тексерулер.

Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты тағайындайтын «тексеру» ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін «тексеру» болып табылады.

Мерлан Керімжанов Қазақ гуманитарлық заң университеті заңтану бойынша, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономика және Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін құрылыс мамандығы бойынша тәмамдаған.
Алғашқы еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы «Айнабұлақ» базарының әкімгершісі қызметінен бастаған. Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс, жолаушылар көлігі және әкім аппаратында, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірқатар басшылық қызметтерін атқарған. Түркістан облысы сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болған.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғатты қорғау министрлігінің су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Түркістан филиалының директоры болған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
@актуальное
@подписчики

Ұқсас ақпараттар

«КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ:«АДАМГЕРШІЛІК – АЛҒЫС АЙТУДАН БАСТАЛАДЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

smarttop

БАҚЫТТЫЛАР БАҚЫТТЫ ҚАЛАНЫ САЯХАТТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру