4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ: ҚҰРЫЛЫС ЗАТТАРЫ САТЫЛАТЫН БАЗАРЛАР СЫРТҚА КӨШІРІЛУДЕ

🔷 Абай ауданы аумағында орналасқан құрылыс заттары сатылатын базарларды қала сыртына көшіру жұмыстары басталды.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес,Қаладағы құрылыстарды, ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қосымша жер учаскесін бөлу, қасбеттерді реконструкциялау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін негізге ала отырып жүргізіледі.

Қала құрылыстық жобалар (қала құрылысы) кеңістік конфигурациясымен, қалалар немесе басқа елді мекендер элементтерінің сыртқы түрімен және функционалдығымен айналысады. Қала құрылысы — бұл қала (қала) жоспарлау, ландшафтық дизайн және сәулет тәсілдері. Қаланы жоспарлау саяси, әлеуметтік және экономикалық факторларды түсінуді қажет етеді.

Міндеттері:Елді мекендерді инфроқұрылым объектілерімен қамтамасыз етіп, оларды қолдануға қолайлы жағдай жасау; Жер учаскелерін пайдалану кезінде қала құрылысы талаптарын қамтамасыз ету;Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы негiздемелерін, болжамдарын, құжаттарын жасау; Аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру объектiлерiн салу.

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан қала сыртынан ұсынылған Бадам бағыты бойындағы 75 га жер телімінде құрылыс жұмыстары жүргізілді.Осыған орай, құм, шағал-тас, өзге де құрылыс заттары сатылатын базарлар көше бастады. Аталған жұмыстар барысымен аудан әкімі Б.Парманов танысып, тиісті сала мамандарына жұмыстарды уақытылы орындауды тапсырды.

🔷 Сырым батыр көшесінде орналасқан ағаш базары аумағында 10-нан астам сауда нүктесі бар. 2-3 гектар аумақта 5 кәсіпкер ағаш сатумен айналысады.

🔷 Қазіргі таңда аталған ағаш базарын Бозарық шағынауданында орналасқан 5,3 гектар жер теліміне, жаңа базарға көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында 19 экологиялық қылмыс пен 190-нан аса әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

smarttop

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ СӘН КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ТҮРКИЯ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру