13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ТҰРАН АУДАНЫНДА ХҚКО ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Бұған дейін Тұран ауданының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді алу үшін басқа аудандардың орталықтарына жүгінген болса, енді азаматтарға жаңа цифрлық ХҚКО қызмет көрсете бастады. Бұл – мегаполистегі халыққа қызмет көрсететін сегізінші орталық. Тұрғындар мұнда 1200-ден астам мемлекеттік қызмет ала алады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы — жұмыссыз азаматтарды есепке тіркейді және жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды.Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді, уақытша жұмыс орындарын ұсынады.Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады.Сонымен қатар жұмыс берушілер азаматтардың бөлек санаттарын (жетім балалар, мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар) жұмыспен қамту үшін квотаны орындайды.

Ауданның құрылуына байланысты жаңа ХҚКО ашу қажеттілігі туындаған болатын. Цифрлық кеңсе заманауи құрылғылармен жабдықталған және мемлекеттік қызметтерді тез әрі ыңғайлы алу үшін аймақтарға бөлінген: ресепшн, дайын құжаттарды беру, жылдам қызмет көрсету аймағы, өзіне өзі қызмет көрсету, eOtinish арқылы өтініш беруге арналған орын және басқа да аймақтар бар.
Жаңа мекеме бөлімдердегі жұмыс көлемін азайтып, қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа орталықта 32 маман жұмыс істейді. 16 жастан зейнет жасына дейінгі азаматтар Жұмыспен қамту орталығына тіркелуге құқылы. Орталық бұрын сотталған немесе пробацияда тіркеуде тұрған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды да жұмыспен қамти алады.
Тұран аудандық ХҚКО Мәделі қожа көшесі, 1 «Г» мекенжайында орналасқан.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліссіз.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

ШЕТЕЛДІК ДИПЛОМАТИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

smarttop

Түркістан облысында жол ережесін бұзған 500-ге тарта қоғамдық көлік жүргізушілері анықталды

smarttop

Пікір қалдыру